Мұғалімдер күні

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 02 қазан күні Ұстаздар күні мерекесі мен кәсіподақтар күні мерекесіне орай «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Қос мерекеге орай ұйымдастырылған мерекелік шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық маслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев, аудандық маслихаттың депутаттары, Мақтаарал ауданы әкімінің бірінші орынбасары Б.Төребеков, Мақтаарал ауданы қоғамдық кеңестің төрағасы және Мақтаарал ауданы ата-аналар комитетінің төрағасы  С.Мелдеханов,  Мақтаарал ауданы әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен бала бақша меңгерушілері және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Мерекелік шараны Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов құттықтау сөздерімен ашып, білім саласының қызметкерлерін мерекеге орай марапаттап, алғыс хаттарын табыстады.

Мерекелік шараның концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні