«Үздік жыл психологы-2019»
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Төлеби аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аудандық «Үздік жыл психологы-2019», «Табысты менеджер – 2019» байқауын ағымдағы жылдың 7-8 қазан күндері аралығында №16 және №4 Қ.Сатпаев жалпы орта мектептерінде өткізді.
Бауқауға аудандағы жалпы орта және негізгі білім беретін 38 мекеме басшылары қатысып, 3-7 жыл еңбек өтілі бар 33 мұғалім қатысып, 1 кезеңде эссе тақырыпқа сай тапсырылды, 2 кезеңге 8 мұғалім өтті. 2 кезеңде өзін-өзі таныстыру және шығармашылық жұмысын таныстырды. Байқау нәтижесінде өзінің басшылық қызметтегі шығармашылығын жауапкершілікпен көрсете білген және басқарудағы жаңа ойын тұжырымдап жеткізе білген №7 ЖОМ директоры Орынбаев Жамбыл және 2 мұғалім еңбек өтілі 3 жыл және еңбек өтілі 7 жыл бойынша іріктеліп, білім алу процесіндегі проблемалық жағдаяттарды шешу, психологиядан теориялық білімін, жалпы жанжақтылығы және мәдениетін кәсіби тұрғыда шыңдалып келе жатқандарын көрсете біліп облыстық кезеңге жолдама алды.
Байқаудың қортындысы бойынша женімпаз мұғалімдер облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлделі орын алған қатысушылар алғыс хатпен және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

