«ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңын оқып-үйрену мәселелері» тақырыбында өткен семинар

«ҚРПедагог мәртебесі туралы Заңын оқып-үйрену мәселелері»тақырыбында өткен семинары

 

 

Жетісай ауданына қарасты Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мктебінде 2020 жылдың 24 қаңтары күні аудан көлеміндегі білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен«ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңын оқып-үйрену мәселелері» тақырыбында оқу-семинары өтті.

Орта білім беретін мектептер мен балабақшалардың 91 бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары қатысқан жиында жуырда қабылданған ҚР Педагог мәртебесі туралы Заңының тиісті баптары мен осы Заңның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері мен кодекстеріне енгізілгенөзгертулер мен толықтырулар туралы айтылды.

Бұдан бөлек оқу-семинары барысында білім мекемелеріндегі еңбек дауларының алдын алу, бастауыш кәсіподақ ұйымының қаржылық жұмыстары бойынша толтырылатын құжаттарының үлгілері, білім мекемелері арасында тәжірибе алмасу мақсатында көшпелі семинарлар ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды.

Жиын соңында ерен еңбектерімен танылып, кәсіподақ ұйымының жұмысын ізгілендіруге үлес қосып жүрген бірнеше әріптесіміз түрлі деңгейдегі марапаттармен марапатталды.

 

 

Аудандық кәсіподақ

комитетінің төрағасы

А.Ниязбеков