Кәсіподақ белсенділері марапатталды!
Бүгін 2023 жылғы Наурыздың 20 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай құттықтап, Аудан әкімінің, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының, ««Мәртебе» білім және ғылымның салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен грамоталарын тапсырып «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен марапаттады.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі





