«Ұстаз жолы» тақырыбында іс-шара өтті
2024 жылғы 12 қаңтар күні Шымкент қаласы Жол-көлік колледжінде «Ұстаз жолы» тақырыбында колледж директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызының зейнеткерлікке шығуына орай іс-шара болып өтті.
Іс-шараға колледж ұжымы, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Шамшиева Нұргүл Ақылбекқызы, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы және қаладағы барлық колледж директорлары қатысты.
Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Шамшиева Нұргүл Ақылбекқызы колледж директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызын арнайы құттықтап, басқарма атынан сый-сияпат тапсырды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы колледж директоры Гүлзат Үкібайқызын зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Б.Еркінбек құттықтау сөзінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлап, жас ұрпаққа саналы білім беру, тұлға қалыптасуына дұрыс бағыт бағдар беру ісінде аянбай еткен еңбегі, облыстық кәсіподақ комитетімен әлеуметтік әріптестік қарым-қатынас пен ынтымақтастықты қалыптастырып, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Гүлзат Үкібайқызына «Өрлеу білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалін, облыстық кәсіподақ комитеті атынан адресат және сый-сияпат тапсырды.
Колледждің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ешимов Рахманберді Анарбайұлы колледж ұжымының атынан Гүлзат Үкібайқызының білім саласына қосқан үлкен үлесі, колледждің даму жолында сіңірген көп жылғы еңбегіне алғыс айтты. Колледж әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті ұйымдастырған іс-шара жоғары деңгейде өтіп, концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
Облыстық кәсіподақ комитітінің баспасөз қызметі.

