Атқару комитетінің кезекті кеңейтілген мәжілісі өтті

Атқару комитетінің кезекті кеңейтілген мәжілісі өтті

2025 жылғы 25 сәуір күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Атқару комитеті отырысында қаралған мәселелер :

1.«Облыстық кәсіподақ комитетінің 2024 жылғы кәсіподақ бюджетінің орындалуы және 2025 жылға кәсіподақ бюджеті туралы».

2. «Облыстық кәсіподақ комитетіне 2024 жылы түскен кәсіподақ мүшелік жарнасы және жұмсалуы жайлы есебі туралы».

3. Облыстық кәсіподақ комитетіне 2024 жылы кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау қорытындылары туралы.​​​​​​​​

4. Облыстық кәсіподақ ұйымының атқару комитеті өткізген «Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауының» қорытындылары туралы.

5. Түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері Р.Жолдықараева, үшінші мәселе бойынша бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады, түсіндірме беріп, сұрақтарға жауап қайтарды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, облыстық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі, Түлкібас, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары А.Абуов, Ә.Тастанбеков, Д.Әбішев, Қ.Төлебаев қатысып, өз ұсыныстарын, пікірлерін білдірді.

Қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Облыстық кәсіподақ ұйымының атқару комитеті өткізген «Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауының» қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды:

-бірінші орын алған Созақ ауданы, Н.Төреқұлов атындағы IT- мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы – О.Нәбиев);

-екінші орын алған Сарыағаш ауданы, № 61 жалпы білім беретін мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы – М.Беделов);

үшінші орын алған Жетісай ауданы, № 71 жалпы білім беретін мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы – А.Суюнханова) және Ордабасы ауданы, М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымына (төрағасы –А.Иманбаева) облыстық кәсіподақ комитетінің Дипломдары және қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Аудандар мен қалалардан ұсынылған басқа озат бастауыш кәсіподақ ұйымдары облыстық байқау барысындағы жақсы жұмыстары үшін облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен және байқауға белсенді қатысқандары үшін облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

​​​​​​

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне қатысушылар кәсіподақ қызметінің алда атқаратын мәселелері бойынша ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, талқылау және пікір алмасу жүргізілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.