Мерекелік іс шара

Отырар ауданы 2025 жылғы 3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты салтанатты мерекелік жиын өткізді. Іс-шара Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып, оған ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, мектеп директорлары, , білім беру саласының қызметкерлері мен қонақтар қатысты. Жиын барысында:
Аудан әкімі Қ.Жолдыбай құттықтау сөз сөлеп, ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің марапаттары мен әкімнің Алғыс хаттарын тапсырды, аудан мәслихатының хатшысы Ұзақов құтықтау сөз сөйлеп мәслихаттың марапатын тапсырды.Аудандық білім бөлімінің жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы П. Жаппарқұлов ұстаздарды құттықтады.Аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға алғыс білдіріп, облыстық білім басқармасының марапатын тапсырып, зейнеткер ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынды, аудандық кәсіподақ комитеті сый-сыйапат жасады.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым жиынға қатысушы ұстаздар мен ардагер ұстаздарды құттықтап, марапаттар тапсырды.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Өнерпаздар ұстаздарға арнап ән-жыр шырқап, концерттік бағдарламаға жалғасты.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





