МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аудан мектеп мұғалімдері арасында дәстүрлі волейбол жарысы ұйымдастырылды. Мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлікті шыңдау және ұжымдық бірлікті нығайту.

Аймақтық кезеңнен өткен командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерін паш етті.

Мұғалімдер күні қарсаңындағы бұл дода ұстаздардың бірлігін арттырып қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі боларлық салауатты өмір салтын дәріптеді.

Жарыс нәтижесі бойынша

1-орын – Ләнде Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектеп

2-орын – Қ. Сәтбаев Мектеп-гимназия

«Қарағұр» жалпы білім беретін мектеп

Жеңімпаз командаларды бөлім басшысы құттықтап, арнайы дипломдар мен ақшалай сый-сияпат табыстады.

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.