КІТАПХАНА – МӘРТЕБЕСІ БИІК КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ.

Бүгінгі дамыған заманда жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.
Кітапхана – оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады.
№55 ЖББМ мәжіліс залында «Кітапханашылар күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиында Сайрам аудандық білім бөлімінің бас маманы Ф.А.Оспанова, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.К.Сейдалиева мектеп кітапханашыларды мерекелерімен құттықтап, үздік және ардагер мамандарға марапаттар мен сыйлықтар табыстады.
Шара барысында оқушылар мен ұстаздар дайындаған концерттік бағдарлама, сахналық көріністер мен бейнероликтер, слайдтар көрермендердің көңілінен шығып, іс шараның сәнін кіргізді.
Құрметті кітапханашылар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.






