“Менің елім – жеңіс мекені”

25 қазан Республика күніне орай №77 жалпы білім беретін мектепте “Менің елім – жеңіс мекені” тақырыбында жас мамандар арасында эстафеталық спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жас педагогтердің дене белсенділігін арттыру, ұжымдағы ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Сайыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік пен ұйымшылдық танытып, өзара қолдау мен серіктестік рухын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.






