Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің П Л Е Н У М Ы өткізілді

Мақсаты: Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ІҮ пленум мүшелеріне өзгерістерді енгізу. Арыс қалалық білім бөлімі мен Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің арасындағы әлеуметтік әріптестіктің орындалуын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай үздік білім қызметкерлерін марапаттау.
Іс-шара күн тәртібіндегі Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ІҮ пленум мүшелеріне өзгерістерді енгізу туралы. Арыс қалалық білім бөлімі мен Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің арасындағы әлеуметтік әріптестіктің орындалуы атап айтатын болсақ мұғалімдердің орташа айлық жүктемесі, санаториялық ем қабылдауға және демалуға жолдамалардың есебі, ауыл мұғалімдеріне бөлінетін қатты отынға төленетін өтемақы мәселелер, білім қызметкерлерінің жұмысын жандандыру мақсатында берілетін марапаттар, т.б бойынша айтылып өтілді.
Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы А.Т.Момбеков атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты үздік білім қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. І. Түркістан облысының кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасына ұсынылғандар:
1.Кантөреева Жанна Амангелдиевна- №376 бастауыш мектеп мұғалімі;
2.Абдиева Ақтоты Абдикаликовна-№4 бастауыш мектебінің мұғалімі;
3.Торекулова Акшолпан Кудайбергеновна-Кенжебаев атындағы жббм мұғалімі;
4.Омарбекова Айгул Алимбековна- «Бал әлемі» б/бақшасының әдіскері;
5.Дилдабекова Айгул Бегалиевна-Аққала жббм директоры;
6.Кожабекова Балмира Муратбековна-Шаханов жббм тарих пәнінің мұғалімі;
7.Джумабаева Самал Кожагелдиевна- Қаражантақ жббм директордың орынбасары;
8.Жуманова Кулбала Нахиповна-№2 бастауыш мектеп мұғалімі;
ІІ. Облыстық кәсіподаққа еңбек сіңген қызметкер «Төс белгісіне» ұсынылған ұстаздар:
1.Аженов Айнабек Абдезович-Майлықожа жббм технология пәнінің мұғалімі;
2.Мажинбеков Ерғали Жайлаубаевич-А.Тілеубердин атындағы жббм директордың орынбасары;
3.Кушкарбеков Ералы Рахматуллаевич- Арыс жббм директоры;
4.Сапарбаева Гулмария Нурбаевна- Молдабаев атындағы жббм мұғалімі;
5.Исламбекова Тәттіқыз Алмасханқызы-Саяжай б/бақшасының меңгерушісі;
6.Елтаева Жазира Пернебекқызы- №11 Б.Момышұлы атындағы жббм мұғалімі;
7.Калмурзаева Канымкуль Адырбековна-Қожанов атындағы жббм мұғалімі;
8.Дүйсенбаева Гулжан Кенжехановна-Монтайтас мектебінің мұғалімі;
9.Тоибекова Нулсин Бескемпировна-Журба атындағы жббм мұғалімі;
ІІІ. «Өрлеу білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Төс белгісі( медаль)
1.Жунисова Рахима Мелдехановна- Ә.Жангелдин атындағы жббм директоры;
ІҮ. Түркістан облысының білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
1.Орынбасарова Айгуль Кульбосыновна-Ә.Жангелдин мектебінің мұғалімі;
Ү. Республикалық «EL QURMETY» қоғамдық қоры атынан «Ерен еңбек иесі» Ы.Алтынсарин төсбелгісімен:
1.Кенжебаева Жибек Абдималиковна- С.Қожанов атындағы жббм мұғалімі;
ҮІ. Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі бойынша қоғамдық байқауға белсенді қатысқаны үшін:
1.Конысова Гаухар Идиятовна- №11.Б.Момышұлы атындағы жббм бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы;
Марапаттарыңыз құтты болсын!!!
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.








