Аудандық жарыс
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ардагері, Жоғары Кеңестің депутаты, Түркістан облысының құрметті депутаты, Келес және Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы Бейсенәлі Қырғызалиевті еске алуға арналған әйелдер арасындағы «Волейбол» және «Арқан тарту» спорт түрлерінен мектепаралық жарыс өткізілді.
Іс-шараның ашылу салтанатында Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Т.Артыков және Бейсенәлі Қырғызалиевтің ұлы Қырғызалиев Нұралы Бейсенәліұлы құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Тартысты өткен аудандық жарыстың қорытындысы бойынша «Арқан тарту» ұлттық спорт түрінен: І орын – №1 «О.Есімов» ЖББМ
ІІ орын – №2 «Ө.Жәнібеков» атындағы мектеп-гимназиясы
ІІІ орын – №21 ЖББМ
Әйелдер арасындағы волейбол жарысы бойынша: Бас жүлде-№46 «Абай» ЖББМ
І орын – №20 «Т.Бердияров» ЖББМ
ІІ орын – №11 «Жолбасшы» ЖББМ
ІІІ-орын – №37 «Р.Қошқарбаев» ЖББМ
Жеңімпаз командалар чемпиондар кубогымен, медальдармен, ақшалай сертификаттармен және білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Арқан тарту ұлттық спорт түрінен: І орын – 50 000 теңге
ІІ орын – 40 000 теңге
ІІІ орын – 30 000 теңге
Волейбол спорт түрінен: Бас жүлде – 200 000 теңге
І орын – 150 000 теңге
ІІ орын – 120 000 теңге
ІІІ-орын – 90 000 теңге
Сонымен қатар, «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша және белсенді қатысқан спортшыларға арнайы Құрмет грамоталары табысталды.
Әділ төрелік еткен 8 төрешіге қаржылай сыйақылар мен арнайы марапаттар берілді.
Белсене қатысқан барша кәсіподақ мүшелеріне алғысымыз шексіз!
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.










