Аудандық іс шара

«ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Мырзакент кентінде орналасқан Мақтаарал мәдениет үйінде «Олимпиада жүлдегерлері – ел мақтанышы» атты Республикалық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған іс-шара өткізілді.

Шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Пулатова, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанова, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, ата-аналар, БАҚ өкілдері мен Республикалық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Ұлағатты ұстаздарымызбен ата-аналарды және жеңімпаз оқушыларымызға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараны аудан әкімі Б.Асанов құттықтау сөзімен ашып, барша ұстаздар мен оқушыларға шынайы лебізін білдіріп, болашақта Мақтаарал ауданының атын тек Республика деңгейінде ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейде де таныта берулеріне шынайы тілеулес екенін жеткізді.

Мерекелік шара барысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген оқушыларымыз сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында өлшеусіз еңбегін сіңірген мектеп директорларына, мектеп директорларының орынбасарларына, пән мұғалімдеріне және оқушыларымыздың ата-аналарына Түркістан облысы білім басқармасының, Мақтаарал ауданы әкімінің, аудандық білім бөлімінің және аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары табысталып, тапсырылды.

Сонымен қатар Республикалық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған 53 ұстазымызға Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан Қырғыз Республикасында орналасқан «Ыстық көл» демалыс аймағына барып, демалып қайтуы үшін тегін жолдамалардың сертификаттары табысталды.

Шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздарымызбен ата-аналарымыз, оқушыларымыз көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Өскелең ұрпағымыздың болашағы баянды, келешегі кемел болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *