Аудандық іс шара
Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітірушілер мен басқа да оқу жылын аяқтаған оқушылар үшін Соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау тек оқушыларға емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке.
Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз.
Сіздерді бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейміз. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
«Соңғы қоңырау» мерекесіне орай Сайрам аудандық кәсіподақ комитеті «Айнабұлақ» НОМ, «Бес-кепе» НОМ, С.Рахимов ат ЖББМ, № 41 Оразалиев ат ЖББМ, № 92 «Ақсу» ЖББМ ұстаздарын облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі, Республикалық «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасы, Түркістан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы,облыстық кәсіподақ комитетінің және аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады.
«Соңғы қоңырау» мерекесі құтты болсын!
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





