Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен

мұғалімдер арасында «ҰСТАЗДАР БӘЙГЕСІ» интеллектуалды сайысы өтті.

“Ұстаздар бәйгесі” интеллектуалды сайысының мақсаты:

кәсіподақ ұйымының жұмысын дәріптеу;

мұғалімдердің интеллектуалдық қабілетін арттыру;

шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру;

педагогикалық ұжымның ынтымақтастығын, қарым-қатынас дағдыларын, эмоционалдық тұрақтылығын, өзіне деген сенімділігін, өзара достық қарым-қатынастарын арттыру.

5 кезең бойынша сайысқа түскен ұстаздар логикалық сұрақтармен қатар, құқықтық сауаттылыққа бағытталған сұрақтарға жауап берді.

Қызыққа толы ойын барысында, оқытушылар тың деректермен қоржындарын толтырып, түрлі бағыттағы сұрақтарға сүрінбей жауап берді. Интелектуалды сайыс нәтижесінде:

1 орын – физика информатика пән бірлестігі;

2 орын – бастауыш сынып пән бірлестігі;

2 орын – тарих-география бірлестігі;

3 орын – Казақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі;

3 орын – дене шынықтыру пән бірлестігі;

3 орын – шетел тілі (ағылшын) пән бірлестігі иеленді.

химия – биология пән бірлестігі және орыс тілі мен әдебиет пән бірлестігі Алғыс хатпен марапатталды.

Сайыс соңында жеңімпаз топтарды марапаттаумен қатар 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Республикалық «Үздік оқырман» байқауына қатысушы ұстаз.

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылы, «Тұран» жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хайруллаев Жумадулла Алиакбарұлы.

Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мектепке бірінші керегі мұғалім. Мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Сондай ұстаздарымыздың бірі Хайруллаев Жумадулла – негізгі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген, айтарлықтай жеткен жетістіктері көп елеулі ұстаз.

Жумадулла Алиакбарұлы 2012 жылы №3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балаларға арналған лицей интернатын «Алтын белгі»ге аяқтап, сол жылдың қыркүйек айында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант негізінде оқуға қабылданады.

Аталмыш университетті 2016 жылы қызыл дипломмен тәмамдап, қыркүйек айында «Тұран» жалпы орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде қабылданады.

ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылғы жоспары бойынша «Astana School of Business and Technology» компаниясына Үштілділікті оқыту бойынша ағылшын тілі тренері ретінде мамыр – желтоқсан айлары аралығына жұмысқа қабылданады.

2019 жылы «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту: бәсекеге қабілетті білім-бәсекеге қабілетті ұлт» тақырыбындағы тамыз педагогикалық оқуының жеңімпазы атанады.

2021 жылы «Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасы жарық көреді.

2021 жылы педагог-зерттеуші категориясын иемденеді.

Оқушылары пәндік олимпиада, ғылыми жоба сайысы, дебат ойындарының аудандық облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары.

Атажанова Диана және Бабажанова Рухшаналар 2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңінің ІІ орын жүлдегерлері

Атажанова Диана 2023 жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері.

Аматжанова Диана және Жораханова Орзубону 2023 жылы Облыстық дебат ойындарының ІІ орын жүлдегерлері.

Шәкірттері соңғы 3 жылда Халықаралық IELTS емтиханын тапсырып, Тураева Ж- 5,5 Аминжанов Д- 6,5 Атажанова Д- 5,5 секілді нәтижелерге қол жеткізді.

2023 жылы TOEFL емтиханын тапсырып АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілетін Fulbright TEA бағдарламасының 2024 жылғы кезеңіне бүкіл республика бойынша жолдама алған 3 мұғалімнің бірі болып, қазіргі таңда 2024 жылы 24 қаңтар және 13 наурыз арасында АҚШ, Массачусетс штаты, Лоуэлл қаласындағы Массачусетс университетінде 6 апталық тағылымдамадан өтуде.

Расул Гамзатов «Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек» деген ойы Жумадулладай жанға айтылғандай….. Қазақстан мемлекетінің өсіп-өркендеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұстаз атаулының міндеті деп оқушыларды жан-жақты дамытуда кітапқұмарлыққа тәрбиелейтін ұлағатты ұстаз Хайруллаев Жумадулла Алиакбарұлының деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыстар тілейміз.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«№35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пән мұғалімі Бекназарова Алтынкуль Алибаевна

Бекназарова Алтынкуль Алибаевна жоғары білімді. Мұғалімдік саласын осы аталған мекемеде 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Бекназарова Алтынкуль Алибаевна қызметі барысында өзін білікті, білімді маман, іскерлік қабілеті жоғары мұғалім ретінде көрсете білді. Жұмысына өте жауапты, белсенді, ұжыммен тез тіл табыса алатын, беделді маман иесі.Білім саласында оқушыларға берген білім мен тәрбие беруде өзін жақсы маман ретінде көрсетіп аянбай еңбек етіп келеді. Өте тиянақты, шыншыл, білікті, сауатты маман.

Бекназарова Алтынкуль Алибаевна-нағыз маман иесі, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген ұстаз. Сабағында жаңа технология элементтерін жүйелі түрде қолданып, оқушылардың білім сапасын көтеріп келеді. 11-ші сынып оқушыларын ҰлттықБірыңғай Тестілеуге дайындауда, мықты маман иесі. Өз жұмысына аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайтын байсалды, тыным таппайтын ұстаз. Әрбір баланың сапалы білім алуына, адамгершілік пен ізгілікті тәрбие алуына көп көңіл бөледі. Өз еңбегінің, қажырлығының арқасында түрлі марапаттар алған. Атап айтсақ Республикалық «EL QURMETI»қоғамдық қорының атынан білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Ы.АЛТЫНСАРИН » медалі, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «АЛҒЫС ХАТ»,

Республикалық ғылыми-әдістемелік «PEDAGOGIKALYQ SEBERLIK »журналына «БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ҰШТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» мақаласын жариялағаны үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, «АЛҒЫС ХАТ», «Жылдың үздік авторы-2022» атты шығармашылық байқауына «Адам генетикасының ерекшеліктері»тақырыбында I дәрежелі DIPLOM, «Жас зерттеуші академиясы» ғылыми жобалар журналы «ТАБИҒАТ-ЖАСЫЛ ДӘРІХАНА»тақырыбындағы үздік жұмысы үшін оқушысы Сарсенбай Айнара және биология пән мұғалімі Бекназарова Алтынкуль I дәрежелі DIPLOM, Алғыс хат және медалі, Мұғалімдер арасында өткен пән олимпиадасының аудандық кезеңінде II дәрежелі ДИПЛОМ, АЛҒЫС ХАТ.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аудандық кезеңінен II дәрежелі диплом 8 сынып оқушысы Худайберген Әсем Пәні:Биология, Жалпы білім пәндер бойынша Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі Алғыс хат 10 сынып оқушысы Ахмет Гүланар, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аудандық кезеңінен I дәрежелі диплом 9 сынып оқушысы Есимхан Аулым Пәні: Биология. Биология пән мұғалімі Бекназарова Алтынкуль Алибаевна өзінің адамгершілік, іскерлік қасиеттері арқасында ұжымда үлкен құрметке ие. Қазіргі таңда тәжірибелі ұстаз және білікті маман ретінде білім саласына өз үлесін қосып келеді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ «Білім негізі – бастауышта»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, «Ынтымақ» жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Джусипова Райхан Үсенқызы.

Джусипова Райхан Үсенқызы 1978 жылдың 17 шілдесінде Өзбекстан Республикасы, Науайы облысы, Кенимех ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі Джусипов Үсен химия пәнінің мұғалімі болса, анасы Қасымова Гүлнар балаларының тәрбиесіне баса назар аударған.

Ұстаз болу–жүректің батырлығы. Өйткені, бала тәрбиесі қоғам игілігіндегі ең жауапты іс. Ұрпақ тәрбиесіндегі ең ұлы қызметтің бірі– ұстаздық. Ал осы мамандық үлкен бір әулетте ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып жатса, оның орны тіпті ерекше. Райхан Үсенқызы да осы жолды таңдап, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан педагог әке жолын жалғастыруда.

Райхан Үсенқызы 1985 жылы мектеп табалдырығын аттап 1995 жылы орта білімді үздік бітірген. 1996-1998 жылдары Науайы педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын өзі білім алған №26 «Жаңа абад» мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 2006-2009 жылдары Науайы педагогикалық мемлекеттік институтын сырттай оқып жоғары білім алды.

2010 жылдың ақпан айында Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекеніне қоныс аударып, 2014 жылы «Бал-бөбек» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасса, 2017 жылдан қазіргі таңға дейін «Ынтымақ» жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді.

Ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-деген қағидасына сүйене отырып, жас ұрпаққа саналы да, сапалы тәрбие беру Райхан ұстаздың басты мақсаты.

Райхан Үсенқызының жетістіктеріне тоқталайық:

2019 жылы халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Шебер Педагог-2019» атты II халықаралық байқауында «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша үздік нәтижеге жетті.

2021 жылы ұлы Абайдың мерей тойына орай мұғалімдер арасында өткен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе…» байқауына қатысып, I орынды иеленді.

2021 жылы «Білім шыңы» қоғамдық ұйымының «Тәуелсіз Қазақстанның құрметті педагогы» төсбелгісімен,

2022 жылы Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2024 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Тіл мен әдебиет-ұлттың жаны» атты апталығында ұстаздар арасында өткізілген «Мұқағали оқулары» байқауының «Менің ғасырым» көркемсөз оқу шебері бағыты бойынша жүлделі III орынды иеленді.

Шәкірттерінің жетістіктері:

2020 жылы «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» сайысында Кемелхан Еркежан жүлделі I орын, Бектан Бексұлтан II орын иеленіп,

2020 жылы «МЫҢ БАЛА» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық «Көркем жазу» сайысында Бектан Бексұлтан, Кемелхан Еркежан және Босимбек Рамазан жүлделі I орын иеленіп,

2020 жылы «АБАЙ ӘЛЕМІ» Республикалық өнер байқауында «МӘНЕРЛЕП ОҚУ» номинациясы бойынша Бектанова Салтанат II дәрежелі дипломмен,

2020 жылы «BILGEN BAIGE» ұлттық білім сайыстарының 3 Республикалық кезеңінде Бектан Бексұлтан, Давлет Сымбат, Ермекбай Абзал II, III орындарға қол жеткізіп,

2021 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дүниетану, жаратылыстану, тарих, география пәндері бойынша өткен «АЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасында Бектан Бексұлтаг, Кемелхан Еркежан II, III орындарды иеленіп,

2021 жылы «БӘЙТЕРЕК» республикалық зияткерлік олимпиадасында Кемелхан Еркежан БАС ЖҮЛДЕ, Тұрдыбай Асылмұрат, Бектан Бексұлтан, Абай Диас жүлделі I, II орындарды иеленіп,

2022 жылы «БӘЙТЕРЕК» республикалық зияткерлік олимпиадасына қатысып Бектан Бексұлтан, Арысбек Дарын, Тұрдыбай Асылмұрат жүлделі I орындармен,

2022 жылы дүниетану, жаратылыстану, география, тарих пәндерінен 2-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасына Тұрдыбай Асылмұрат БАС ЖҮЛДЕ, Босимбек Рамазан, Ермекбай Абзал, Кемелхан Еркежан, Серік Алихан I орын иеленіп марапатталды.

2023 жылы 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары аудандық конкурсында Көрпеш Айару I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде жүлделі III орынға ие болды.

«Ұстаз болу, өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай жас ұрпақтың болашағы үшін аянбай жұмыс жасап келе жатқан ұстаз Джусипова Райхан Үсенқызының білім беру саласында қосқан үлесі орасан. Бұл жетістікпен тоқтамай, болашақта тағы да белестерге жетері сөзсіз.

Райхан Үсенқызының жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуына тілектеспіз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта» КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ  «Білім негізі – бастауышта»

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ ҚЫМЫЗ ҚҰЙҒЫШ РОБОТ ЖАСАДЫ (Озық тәжірбиелі ұстаздың шәкірті озық атанды.« Төлеби туы» газетінен көшіріліп басылды.)

Төлеби ауданының бренді – қымыз. Осы ұлттық сусынымыздың емдік қасиетін насихаттай отырып, робототехниканың мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалану мақсатында Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек ұстазы, информатика пәнінің мұғалімі Лаура Жақсыбекованың көмегімен «Асылбек» деп аталатын қымыз құйғыш робот жасады.

Кез келген адам аталмыш роботқа арнайы пластикалық картаны жақындату арқылы «Асылбекті» сөйлете бастайды. Содан кейін робот қымыздың шипалы қасиеті туралы қысқаша мағлұмат береді. Осыдан соң ғана «Асылбек» ыдысқа шөлді басатын пайдалы сусын құяды.

– Роботтардың түрлеріне, жұмыс істеу принциптеріне қызығушылығым бұрыннан бар болатын. Мұндай робот құрастыру идеясы мектебімізде өткен информатика пәні апталығында ұйымдастырылған роботтар көрмесі кезінде туды. «Асылбек» роботын жасау туралы ойыммен алдымен мұғалімім Лаура апаймен бөлістім. Ол идеямды қолдап, робот құрастыруда көмектесетінін айтты. Менің роботым оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттырумен қатар, емдік қасиетке ие сусын қымыз арқылы жастардың арасында салауатты өмір салтын дәріптейді. Ұлттық сусынымызды насихаттайтын болғандықтан, «Асылбектің» ұлттық киімде болғаны дұрыс деп шештік, – дейді Жансұлтан.

Оның қымыз құйғыш робот жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінде жүлделі болды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДЕ ҰСТАЗ.

Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын вся байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Қайнар жалпы білім беретін мектебі директорының екінші біліктілік санатты оқу ісінің орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-шебер санатты ұстазы Сытышев Ертуған Сәрсенбайұлы 1976 жылы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қайнар ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. 1981 жылы Қайнар жалпы білім беретін мектебінің (бұрынғы Карл Маркс атындағы орта мектеп) 1-сыныбына қабылданып, 1992 жылы осы мектепті «Күміс медальмен» бітіріп шығады. 1993 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университетін қызыл дипломмен бітіреді.

1997 жылы Қайнар жалпы білім беретін мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданып, қазіргі күнге дейін осы мектепте абыройлы қызмет атқарып келеді.

1997 жылы ұжымның қолдауымыен 2017 жылға дейін мектепішілік кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2016 жылдан бері мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.

Сытышев Ертуған Сәрсенбайұлының шәкірт тәрбиелеу жолында жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтар болсақ:

2017 жылы оқушысы Сәрсенбай Бақыт аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын;

2018 жылы оқушысы Сәрсенбай Айдана аудандық шығармалар байқауында І орын;

2018 жылы оқушысы Сәрсенбай Айдана облыстық шығармалар байқауында І орын;

2018 жылы оқушысы Сәрсенбай Бақыт аудандық пән олимпиадасында ІІ орын;

2018 жылы оқушысы Болыс Нұргүл аудандық «Махамбет оқулары» байқауында І орын;

2018 жылы оқушысы Болыс Нұргүл облыстық «Махамбет оқулары» байқауында ІІІ орын;

2019 жылы республикалық «Altyn tobylgy» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Мадуалы Шұғыла І орын;

2019 жылы республикалық «Altyn tobylgy» зияткерлік олимпиадасында оқушысы Мақұлбек Ақнұр ІІ орын;

2019 жылы оқушысы Тастанбек Айтолқын «IQANAT» олимпиадасында І орын алып, мектеп мерейін көтерген болатын.

Сытышев Ертуған Сәрсенбайұлы еңбек еткелі түрлі марапаттарға ие болып келеді. Атап айтар болсақ

2008 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;

2015 жылы Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты;

2015 жылы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты;

2018 жылы Төлеби аудандық білім бөлімінің алғыс хаты;

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің алғыс хаты;

2019 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарамасы облыстық әдістемелік орталығының мадақтамасы;

2019 жылы Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталығының ІІІ дәрежелі дипломы;

2019 жылы Түркістан облысы білім басқармасының алғыс хаты;

2019 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасы;

2020 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының құрмет грамотасы;

2021 жылы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты;

2022 жылы Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының ІІІ дәрежелі дипломы;

2022 жылы Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталған.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДЕ ҰСТАЗ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДЕ ҰСТАЗ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДЕ ҰСТАЗ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДЕ ҰСТАЗ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДЕ ҰСТАЗ.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Республикалық «Үздік оқырман» байқауына қатысушы ұстаз.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылы, Бейсен Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шарипова Айжан Сабырқанқызы.

«Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақ. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай бұл мамандық иелерінің білімді болашақ ұрпақ қалыптасуындағы еңбегі ерен.

Айжан Сабырқанқызы 2002 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы қазақ-түрік университетіне түсіп, 2007 жылы информатик мамандығын алды. 2008 жылдан қазіргі таңға дейін Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында Бейсен Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жұмыс жасап келеді. 2013 жылдан бастап информатика пәнінің мұғалімі болып жұымыс атқаруда. Қазіргі таңда 10 “а” сыныбының жетекшісі. Білімі-жоғары. Техника ғылымдарының магистрі. Педагог- модератор.

Айжан Сабырқанқызының жетістіктеріне тоқталаатын болсақ;

2019 жыл «Үздік сынып жетекші» аудандық байқауында ІІ орынды иеленіп алғыс хатпен,

2019 жылы облыстыұ «Ең білімді педагог» байқауынан І орын дипломымен,

2019 жыл «Ең үздік сынып жетекші» аудандық байқауынан І орын дипломымен,

2020 жылы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы 6 «А» сынып оқушысы Оразбек Аружан Ермаханқызын дайындағыны үшін алғыс хатпен,

2021,2022,2023 жылдары «АМАNAT» партиясы, Ордабасы аудандық филиалы төрағасының алғыс хатымен,

2021 жылы «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» үздік ғылыми-зерттеу жобасына республикалық байкауының аудандық кезеңінен өткен 8 «А» сынып оқушысы Адил Әсел Асхатқызының жетекшісі ретінде I орынды дипломмен,

2022 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен,

2022 жылы «Республикалық ғылыми жобалар» аудандық кезеңі, «Информатика» секциясы, 9 «А» сынып оқушысы Қабылбек Гүлжан Бақытханқызын дайындағаны үшін III дәрежелі дипломмен,

2022 жылы «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңі, «Математика, информатика» секциясы, 2 «А» сынып оқушысы Қабылбек Аружан Бақытханқызының жетекшісі ретінде III дәрежелі дипломмен,

2022 жыл Ордабасы аудандық мәслихатының алғыс хатымен,

2022 жылы «AMANAT AQYLMAN» интелектуалды ойынының аудандық деңгейінде қатысқаны үшін, «AMANAT» париясы, Ордабасы аудандық филиалының Алғыс хатымен,

2022 жылы «Бала тәрбиесі және дін» тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинар өткізген үшін, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен,

2023 жылы «Алғашқы әскери дайындық сабағында озат тәжірибені қолдана отырып білім сапасын арттыру» аудандық тәжірибелік семинар өткені үшін, Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім алғыс хатымен,

2023 жылы Ордабасы аудандық мәслихатының алғыс хатымен,

2024 жылы «Үздік оқырман» Республикалық мұғалімдер байқауы, «А.Байтұрсынұлы Білім Академиясының» мадақтамасымен,

Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасына үлес қосу және оқушылар мен мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында «А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы» өткізген «Үздік оқырман» байқауынының шарттары бойынша ІІІ кезеңнен топ жарып, әр кезеңде іріктелген 5 кітапты оқып, ашык сұрақ жауаптар арқылы қатысқан 3500 педагогтан І кезеңнен 2500, ІІ кезеңнен 900 педагог іріктеліп, ақтық мәреге 50 педагогпен бірге өткен Айжан Сабырқанқызы ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп базасынд оқыту ісінің үздік әдіскер-тренерлері Қисымова Алима Қисымқызы мен Дюсупбаева Қарлығаш Советханқызының «Кітап адам миының кинотеатры», «Кітап шабыттың көзі» тақырыбында шебер сыныптарға қатысып, қорытынды мараптаттау рәсімінде Шарипова Айжан мақтау грамотасымен марапатталып ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасына және «Ogyrman» кітап дүкеніне экскурсия жасап құнды материалдармен танысып қайтты.

Айжан Сабырқанқызының жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегіне табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ізденісте болуына тілектеспіз.

«Кітап-өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу. Білім алу мүмкін емес»,-деген Серке Қожамқұловтың өмірлік сабағын ұрпақтарымыздың дағдысына айналдыруға ықпал етейік.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

“ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” байқауы

Жетісай ауданы С.Асанов атындағы №38 жалпы білім беретін мектебі КММ-нің тәлімгері Спанова Малика апайдың ұйымдастыруымен “Тәлімгерлер апталығында” мұғалім мен оқушының қатысуымен “Екі жұлдыз” байқауы болып өтті.

Мақсаты: ұстаздардың оқушылардың талантын шыңдау, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Байқау шарты екі кезеңді қамтыды.

1-кезең “Таныстыру”

2-кезең “Еркін” тақырыпта ән орындалды.

Бойындағы ерекше талантымен байқауда оза шыққан жеңімпаздар арнайы дипломдармен,алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Марапат иелері:

Бас жүлде-мұғалім Егемқұлова Әдемі, оқушысы Сейтқұл Нұрназым

Талантты жұп” номинациясы бойынша мұғалім Спанова Малика, оқушысы Қалмырза Гүлназ

Өнерлі жұп” номинациясы бойынша мұғалім Мырзаш Дана, оқушысы Асан Ардақ

Жезтаңдай жұп” номинациясы бойынша мұғалім Есенбек Аймира, оқушысы Сыдық Таңсық

Сүйкімді жұп” номинациясы бойынша Қалмырза Әдемі, Қалдыбай Балым марапатталды.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

“ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” байқауы “ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” байқауы “ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” байқауы “ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” байқауы “ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” байқауы

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Облыстық туризмінің көшбасшысы. Түркістан облысы, Төлеби ауданы Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Наренов Абдыманап Аушулы Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және спорттық туризім үйірмесінің жеткешісі Наренов Абдыманап Аушулы 1961 жылы 23-қаңдар айында Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір (қазіргі Төлеби) ауданы, Жаңа жол ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Бірінші мамыр жалпы орта мектебін бітіріп. 1979-1981 жылдар аралығында совет армиясы қатарында Венгрия Халық Республикасында әскери борышын атқарған. 1982-1984 жылдары Дене шынықтыру және спорт техникумін бітірді. 2005 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті бітірді.

1984-1985 жылдары Талдықорған облысы Алакөл ауданы Обухов орта мектебінде алғашқы әсери және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдік қызмет етті.

1985-1987 жылдар аралығында Ленгір (қазіргі Төлеби) ауданы Пролетар орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

1988 жылдың қаңтар айынан бастап Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және спорттық туризім үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарады.

1988-2023 жылдарда алған марапаттар тізбесі

Халықаралық деңгейде

1992жыл

ОҚО Алғабас ауданы Боралдай шатқалы Н.Марчукті еске алу Халықаралық ТМД елдері арасындағы тау туризмі жарысында 3-орын

2003 жыл – Біркөлік шатқалы Н.Марчукті еске алу халықаралық жарысы 3-орын

2019жыл

Халыаралық спорттық туризм және тау туризмі,Алматы обл.Іле ауданы Тамғалы-Тас шатқалы. Алғыс хат

Республикалық деңгейде.

2001 жыл

ҚР бірінші жастар арасындағы ашық турслет Біркөлік-2001 жүлделі 3-орын.

2002 жыл

ҚР екінші жастар арасындағы ашық турслет Біркөлік -2002 жүлделі 3-орын.

2003 жыл

ҚР үшінші жастар арасындағы ашық турслет Біркөлік 2003 жүлделі 2- орын

2004 жыл

ҚР Туризм және Спорт жөніндегі агентігінің Құрмет Грамотасы.Біздің тауларымыз-Біркөлік-2004 Республикалық фестиваль Бір чемион,екі жүлдегер дайындағаны үшін 2009 жыл

“Менің Отаным Қазақстан” Республикалық байқауы 1-орын Алғыс хат, жүлделі сыйлық телевизор. .2019 жыл

Алғыс хат ҚР Ұзтаз жолы қоғамдық қорынан Білім беру салсында еселі еңбек етіп,үздік нәтижелерге қол жеткізгеніүшін <Елеулі еңбегі үшін> <Ы.Алтынсарин>медалімен марапатталды

2020 -2022жыл

ҚР Білім және Ғылым Мин.Респуб.қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.Алғыс хат

Алғыс хат және диплом ҚР ӘДІСТЕМЕЛІК ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

-Алғыс хат ҚР спорттық және тау туризмі жарысы Алматы обл.Іле ауданы Тамғалы-Тас шатқалы

-Республикалық жас құтқарушылар жарысында 2 оқушысы жеңімпаз болды

1.Медетбеков Арман

2.Абдыхадыр Ердос

Облыстық деңгейде

Обл.жарыс 1 орын

1988 жыл

Туристік бағдарлау 3 орын. 1990ж Обл. Жарыс 1 орын Туристік бағдарлау жарысы 1 орын Облыстық білім басқармасы бастығының құрмет грмотасы

ОБл.жарыс 3 орын

Обл.туристік бағдарлау жарысы

1991 жыл

1992 жыл

1993-1999 жыл

2004 жыл Обл. Білім Депертаменттінің – Құрмет грамотасы

2008 жыл Обл.жарыс 3 орын

2009-2014 жылдар аралығында І,ІІ орындар

2014-2023 жылдар аралығындағы облыстық жарыыстарда Төлеби ауданы құрама командасының сапында жүлдері орындарға ие болған оқушылары

1.Қуандық Бану

2.Сеидахметова Айнаш

3.Сұлтан Аяулым

4.Медетбек Арман

5.Абдыхадыр Ердос

6.Түзел Ажар

7.Мажит Сардар

8.Алибеков Даулет

2014-2023 жылдар аралғында Облыстық білім департаменті және Облыстық жас туристер станциясының мақтау және алғыс хаттармен марапатталды.

Обл.туризм жарысы 1 орын, Обл туристік бағдарлау жарысы 1 орын

Обл.жарыс І орын Обл туристік бағдарлау жарысы 3 орын

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Оқыту семинары өткізілді

2024 жылғы 9 ақпан күні облыстық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Сайрам ауданы №93 Абылайхан атындағы ЖББМ-нің мәжіліс залында аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары, Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өткізілді.

Аудан деңгейінде ұйымдастырылған оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ғ.Ақбердиев, Сайрам ауданының білім бөлімінің заңгері Б.Зиябеков, Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Сейдалиева және білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелері қатысты.

Оқыту семинары барысында Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің заңгері Эрметов Хасанжан Махамаджанович семинарға келген білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелеріне лекция оқыды. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу, білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы сияқты сұрақтарға нақты жауап беріп, білім беру мекемелерінде Келісу комиссиясының маңыздылығына тоқталып өтті.

Оқыту семинарының қорытынды бөлімінде білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссиясының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинарына қатысқандығын растайтын, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлының атынан берілген сертификаттар табысталды.

Облыстық кәсіподақ кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді

1 4 5 6 7 8 62