КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Республикалық «Үздік оқырман» байқауына қатысушы ұстаз.

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Қарашық ауылы, «Тұран» жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хайруллаев Жумадулла Алиакбарұлы.

Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мектепке бірінші керегі мұғалім. Мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Сондай ұстаздарымыздың бірі Хайруллаев Жумадулла – негізгі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген, айтарлықтай жеткен жетістіктері көп елеулі ұстаз.

Жумадулла Алиакбарұлы 2012 жылы №3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балаларға арналған лицей интернатын «Алтын белгі»ге аяқтап, сол жылдың қыркүйек айында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант негізінде оқуға қабылданады.

Аталмыш университетті 2016 жылы қызыл дипломмен тәмамдап, қыркүйек айында «Тұран» жалпы орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде қабылданады.

ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылғы жоспары бойынша «Astana School of Business and Technology» компаниясына Үштілділікті оқыту бойынша ағылшын тілі тренері ретінде мамыр – желтоқсан айлары аралығына жұмысқа қабылданады.

2019 жылы «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту: бәсекеге қабілетті білім-бәсекеге қабілетті ұлт» тақырыбындағы тамыз педагогикалық оқуының жеңімпазы атанады.

2021 жылы «Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты авторлық бағдарламасы жарық көреді.

2021 жылы педагог-зерттеуші категориясын иемденеді.

Оқушылары пәндік олимпиада, ғылыми жоба сайысы, дебат ойындарының аудандық облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары.

Атажанова Диана және Бабажанова Рухшаналар 2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңінің ІІ орын жүлдегерлері

Атажанова Диана 2023 жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері.

Аматжанова Диана және Жораханова Орзубону 2023 жылы Облыстық дебат ойындарының ІІ орын жүлдегерлері.

Шәкірттері соңғы 3 жылда Халықаралық IELTS емтиханын тапсырып, Тураева Ж- 5,5 Аминжанов Д- 6,5 Атажанова Д- 5,5 секілді нәтижелерге қол жеткізді.

2023 жылы TOEFL емтиханын тапсырып АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілетін Fulbright TEA бағдарламасының 2024 жылғы кезеңіне бүкіл республика бойынша жолдама алған 3 мұғалімнің бірі болып, қазіргі таңда 2024 жылы 24 қаңтар және 13 наурыз арасында АҚШ, Массачусетс штаты, Лоуэлл қаласындағы Массачусетс университетінде 6 апталық тағылымдамадан өтуде.

Расул Гамзатов «Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек» деген ойы Жумадулладай жанға айтылғандай….. Қазақстан мемлекетінің өсіп-өркендеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұстаз атаулының міндеті деп оқушыларды жан-жақты дамытуда кітапқұмарлыққа тәрбиелейтін ұлағатты ұстаз Хайруллаев Жумадулла Алиакбарұлының деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыстар тілейміз.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ