Құттықтау 9 мамыр
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде жетпіс бесінші рет атап өтілгелі отыр.
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан
облыстық ұйымының төрағасы Б.Еркінбек