Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі

​         Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде – Әділеттілік, заң және тәртіп: 2026 жылғы Конституциялық реформа бойынша талқылау, насихаттау жұмыстары жайлы, – облыстық кәсіподақ комитетінің 2026 жылғы 1 қаңтарға кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ органдары жайлы статистикалық есебі, – облыстық кәсіподақ комитетіне 2025 жылы түскен кәсіподақ мүшелік жарнасы және оны пайдалану туралы, – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен өткен оқыту семинарларының қорытындысы және т.б. мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Ә.Тастанбеков хабарлама жасады. Төраға Б.Еркінбек өз пікірін білдіріп, реформаның әділетті, заңға негізделген және халық мүддесін бірінші орынға қоятын мемлекет қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екенін, ондағы өзгерістер қоғамдағы сенімді нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашатынын айтты.

Статистикалық есеп жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Б.Қилыбай хабарлады. Б.Еркінбек кәсіподақ ұйымына мүшелікке ынталандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, осы бағытта ұйымдастыру іс-шараларына тұрақты көңіл бөліп отыру қажеттігін алға тартты.

Облыстық кәсіподақ комитетіне 2025 жылы түскен кәсіподақ мүшелік жарнасы және оны пайдалану туралы облыстық кәсіподақ комитетінің қаржы бөлімінің меңгерушісі Р.Жолдықараева есеп берді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінде бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен өткен оқыту семинарыны қорытындысы туралы бөлім басшысы Ғабит Ақбердиев хабарлама жасады. Семинар аясында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары құқықтық сауақтылықтарын арттырып, кәсіподақ ұйымы жұмысына қатысты практикалық түсіндірмелер алды.

Аталған мәселелерді талқылауға Ордабасы, Түлкібас, Шардара, Арыс аудандық, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, Д.Әбішев, Ұ.Жұман, Ж.Мұхаев ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты. Қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Б.Еркінбек мәжіліс соңында, аудандық, қалалық кәсіподақ комитетінің бұрын қызмет еткен ардагер және белсенді төрағаларына кәсіподақ қозғалысын ілгерілету жолындағы жұмыстарын ескеріп облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етті.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.