Аудандық дені саудың – тәні сауатты атты спорттық сайыс

Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Мектеп келешекте ел басқарып, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды жетілдіретін киелі де, қасиетті ұя. Ал ұстаз – мектеп жүрегі демей ме? Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Мектеп – білім кені, тәлім – тәрбиенің қайнар бұлағы.Ал, ендеше сол алтын ұя «Ы.Алтынсарин атындағы №63 жалпы білім беретін мектепі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздігіміздің 34 жылдығы мерекесі қарсаңында ұстаздар арасында “Дені саудың – тәні сау”атты салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша спорттық сайыс өтті.
Сайысқа 3 команда шығып күш сынасты.
- «Тәуелсіздік » тобы жетекшісі Жасұзақова Айна апай информатика пәнінің мұғалімі
Асылбекова Жанат тарих пәнінің мұғалімі, Минтанова Акбаян химия пәнінің мұғалімі
Кенжеева Аякөз қосымша білім беру, Жарылқасын Ақерке Ағылшын пәнінің мұғалімі
- «Жұлдыз» тобы жетекшісі Садикова Роза апайымыз
Темірбекқызы Призат, Дауленбаева Жанар, Хаштаева Айгерім, Қожабаева Тұрсынай
3 «Қыран» тобы жетекшісі Сүлеева Феруза ағылшын пәнінің мұғалімі
Тыңғозы Айдана математика пәнінің мұғалімі.Анасова Салтанат қосымша білім беру
Кошалиева Гауһар география пәнінің мұғалім,Сейдазым Болдығыз математика пәнінің мұғалімі
Сайыс төмендегі 5 кезеңнен тұрады:
1.Өз тобыңды таныстыр
- Кедергіден өту (Допты тастау, су құлату, тир ату.)
- Гимнастикалық жатығу
- Стаканды жинау
5.Су тасу
Осы жоғарыда айтылған бес кезең бойынша апайларымыз өз топтарын таныстырып, әр кезеңнің шарттарына күшті дайындықпен келгендігін және өздерінің жан – жақты екендігін көрсете білді. «Еліміздің бүгіні, ертеңі – болашақ салауатты жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – сауатты ұстаздардың қолында» дегендей Тәуелсіздігіміздің 34 жылдығына арналған сұрақтар қойылып, командалар өздерінің дұрыс жауаптарын беріп жатты.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі.Спорт салауатты өмір салтының кепілі демей ме? Олай болса ұстаздарымыз “Дені саудың -жаны сау “- деген ұранды алға тартып, сайыста өз белсенділіктерімен, ептіліктерін және шапшаңдықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша “Тәуелсіздік” тобы 3 орын, «Жұлдыз» тобы 2 орын және «Қыран » тобы 1- орын мен марапатталды. Мектеп директоры Мумынов Амангелді ағай мен оқу ісінің меңгерушісі Көлбаев Болат ағай сөз сөйлеп өздерінің сый -сияпаттарын тапсырды. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағай аудандық кәсіподақ ұйымының аттынан құттықтап дипломдар мен сыйлықтарын тапсырды. Келген қонақтар өз ризашылығын білдіріп, өте жоғары деңгейде, қызықты жарыс болғанын айтты. Ұйымдастырушы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағайға және Мамыров Ораз ағаймен мен Есетова Акжарқын апайға, сонымен қатар Түзелова Салтанат апайға және Асылбекова Гулжамал апайға мектеп директоры өз алғысын білдіріп, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыс тіледі.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





