Аудандық салтанатты іс-шара

Аудандық салтанатты іс-шара

2025 жылдың 4 қазан күні Түлкібас ауданының Аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаз– ұлттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Бұл – бар өмірін білім мен тәрбиеге арнаған ұстаздар қауымына деген зор құрметтің көрінісі. Мерекелік шараның басты мақсаты – ұстаздар еңбектерін ұлықтап, өскелең ұрпаққа ұстаздар тұлғасын үлгі ету.

Салтанатты шара мәдениет үйінің алдындағы “Менің Түлкібасым” аллеясында бастау алды. Ол жерде барлық білім беру ұйымдарының гүлдер мен қолөнер көрмесін көпшілікке ұсынды.

Шараға Түлкібас ауданының әкімі Естібаев Асқар Сұлтанұлы, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбаев Серғали Шыныбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы, “AMANAT” партиясының төрағасы Жүнісов Ержан Әліұлы, Кәсіподақ комитетінен Полатбеков Ануар Шолпанқұлұлы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы Кыдыралиев Досжан Куандықұлы , ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері мен 300-ден астам педагог қатысты.

Аудан әкімі Асқар Естібаев Сұлтанұлы, өзінің құттықтауында ұстаздардың жас жеткіншектерге саналы тәрбие сапалы білім берудегі ұстаздардың еңбектерін баға жетпес құрметке лайық екенін, әлемдегі ең қадірлі мамандық ол – мұғалім екеніне тоқталып, абырой биігінен көріне беруіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты кеш барысында еліміздің білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосқан ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік марапаттарымен, атап айтқанда, ҚР Оқу-ағарту министрінің “Еңбек ардагері ” медалімен, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері төсбелгісімен, “Ы.Алтынсарин” төс белгісімен, облыс және аудан әкімінің, мәслихат төрағасының, “AMANAT” партиясы Түлкібас аудандық филиалының , Кәсіподақ комитетінің төс белгісі, алғыс хаттарымен марапатталды.

Аудандық Іс-шара соңында аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Балалар “Өнер” мектебі ұсынған мерекелік концертке ұласып, ұстаздар қауымына мерекелік көңіл- күй сыйлады.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.