Аудандық семинар

Аудандық семинар

2025 жылғы мамыр айының 16 күні «Жастар ресурстық орталығында» «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары, Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы М.Темірбаева, медиатор Қ.Оңалбеков және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бөлім басшысы, заңгер Ғ.Ақбердиев негізгі тақырып бойынша баяндама жасады. Семинарға аудандық білім бөлімінің заңгері М.Молдабаев қатысып, келісу комиссиясының маңыздылығы жөнінде өздерінің ойларын ортаға салып, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

М.Исламқұлов мектебінің кәсіподақ мүшелері келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру жөнінде көріністер көрсетті.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев келісу комиссиясының әрбір еңбек ұжымында құрылуы және комиссия мүшелерінің жылда оқудан өтуі міндетті екенін тағыда еске салып, семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп жұмыстарына табыс тіледі.

Семинар соңында, семинарға қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

«Еңбек даулары және оларды шешу жолдары» тақырыбында Келісу комиссиясының мүшелерін оқытудан өткізу бірлескен

семинарда сөз болған ұсыныстар мен пікірлерді ескере келе шешімге келді.

1. Жұмыскер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуде барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек даулары жөніндегі келісу комиссияларының мүшелерін қайта қаралып, жаңартылсын.

2. Келісу комиссиясының құрамы жұмыскерлерге мәлімет үшін көзге түсетін жерге ілініп, келісу комиссиясының атқаратын міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілсін.

3. Келісу комиссиясының жұмысын құқықтық реттеуде жауапкершілік арттырылсын.

4. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясының жұмысын барынша жандандыруда тараптар белсенділік танытсын.

5. Медиация туралы білім мен дағдыны қалыптастыруда, әсіресе еңбек, және өзгеде құқық қатынастарынан туындайтын дауларда, балалар құқығын қорғауда өзара тиімді шешімді табуға бағытталған медиация бағытын ұйымдарда насихатталсын.

6. Тараптар еңбек дауының алдын алу және оның туындауына жол бермеу шараларын оқып-үйренуді мақсат етсін.

7. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастырудағы үлгілі жұмыстары бойынша нақты іс тәжірибелер аудан көлемінде таратылсын.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.