Аудандық семинар

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен № 47 ЖББМ-нің мәжіліс залында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен «Кәсіподақ комитетінің жұмысын ұйымдастыру». «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары Ережесі туралы». «Бастауыш кәсіподақ ұйымының номенклатурасы» тақырыбы бойынша семинар өтті.
Семинарды Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Сейдалиева ашты.
Одан әрі, семинар күн тәртібіне сай келесі мәселелер төңірегінде өрбіді – бастауыш кәсіподақ ұйымының ЕРЕЖЕСІ, кәсіподақ комитетінің іс қағаздарын жүргізу тәртібі туралы, кәсіподақтың істер номенклатурасы, кәсіподақ комитетінің жұмысын ұйымдастыру және мекемеде арыз шағымдармен жұмыс істеу туралы.
Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып. өз пікірлерімен бөлісіп , өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды.
Жиналыс соңында білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізгені және сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы қызметі үшін кәсіподақ комитетінің төрағаларына «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін медалі», Алғыс хаттары, облыстық «Аманат» партиясының Алғыс хаттары, облыстық білім басқармасының , облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары тапсырылды.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.






