Аудандық семинар

Қайнар жалпы білім беретін мектеп базасында Төлеби аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Әкелер мектебімен “Әке өнегесі – ұлттық тәрбиенің алтын қазығы” тақырыбында семинар болып өтті.
Скминардың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын, әке балаларға өмірлік тәжірибе, білім және дағдыларды үйрететінін, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететінін, түсіндіру.
Іс-шара барысында мектеп әкелері мен қонақтар өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Әкенің отбасыдағы жауапкершілігі, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында мазмұнды ойлар ортаға салынды.
Семинарға белсенділік танытып, қатысқан әкелер мен ұстаздарға Төлеби аудандық білім бөлімі мен төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары табысталды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.




