Аудандық семинар
Сайрам ауданы, М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында 28 сәуір күні «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай «Білім мекемелерінде қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі» атты семинар өтті.
Семинарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.К.Сейдалиева ашып, 28-сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күнінің атап өту идеясы, ХЕҰ бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында өтетіні туралы айтты. Әрі қарай семинарға қатысушыларды еңбекті қорғау күнімен құттықтап, семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Аудандық кәсіподақ комитетінің маман – заңгері Х.Эрметов кәсіподақ қозғалысы еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбек ақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді. Кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары білім беру ұйымдарында жарақаттану жағдайларына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыс атқаруда. Кәсіподақ тарапынан жұмыс барысында білім мекемелерінің қызметкерлерінің қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік–профилақтикалық шаралар өткізілуде.
Білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау жағдайын бақылау бойынша методикалық нұсқаулықтармен таныстырып өтті. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтарымен, нұсқаулықтардың талаптарын сақтау міндеттері жайлы айтты. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері мен құқықтары туралы. Жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу кезіндегі жауапкершілік түрлерімен, білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау бойынша құжаттардың тізімімен таныстырып өтті. Сонымен бірге кәсіподақтан ішкі қоғамдық бақылауды техникалық инспекторлармен, мекемедегі өндірістік кеңес жүзеге асыратыны туралы айтылды.
Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Р.Искакова ұжымдық шартқа қосымша келісіммен өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәлімет беріп, кәсіподақ жұмысындағы өзекті мәселелерге ерекше көңіл бөлді.
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мекемеде еңбек қатынастары бойынша туындайтын мәселелер туралы сұрақтар қойды. Сұрақтарға толық және қанағатты жауап берілді
Семинар барысында КК төрағалары арасында еңбек қатынастары және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша викторина өткізілді. Сұрақтар бойынша белсенділік көрсеткендерге сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында кәсіподақ жұмысына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіподақ комитетінің төрағалары марапатталды.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





