Аудандық турнир

2024 жылдың 10-11 ақпан күндері Түркістан облысы Келес ауданының Білім бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен, Кәсіподақ комитетінің ардагері, жоғары кеңесінің депутаты, Түркістан облысының құрметті депутаты, Келес және Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы Қырғызалиев Бейсенәлі атамызды еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы «Волейбол» спорт ойынынан Аудандық Кубок жарысы өткізілді. Аудандық жарысқа білім беру мекемесінің мұғалімдерінен іріктелген ерлер мен әйелдерден 56 команда қатысып, бақтарын сынады. Атамыздың әруағына бағышталған 2 күндік 752 адамға жайылған құран асымен ауқымды іс шара ұйымдастырылды. Шараға ұлы, жақындары, көзін көрген кәсіподақ мүшелері қатысты.

Спорттық жиынның ашылу салтанатына ұлы Нұралы Бейсенәліұлы алғы сөз сөйлеп, өз сөзінде: жарысқа келген әрбір қонақ пен спортшыларға, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп,әкесінің жүріп өткен жолынан сыр шертіп,оның халқына , еліне деген сүйіспеншілігі, қызметіне деген адалдығы шексіз болды деп еске алып, марқұмның жүрген жолы, жасаған жақсылығы жастарға үлгі болу керектігін жеткізді.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша Ерлер және Әйелдер командасына командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, ақшалай сыйлық сертификаттары, Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталып, жайнамаздар таратылды.

Бас жүлдеге Кәсіподақ комитеті тарапынан- 100 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 100 000 теңге ;

І орын – Кәсіподақ комитеті тарапынан- 50 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 50 000 теңге;

ІІ орын – Кәсіподақ комитеті тарапынан- 40 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 30 000 теңге;

ІІІ орын – Кәсіподақ комитеті тарапынан- 30 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 20 000 теңге берілді.

Белсене қатысқан 48 ерлер мен әйелдер командасы ақшалай 15 000 тг сертификаттары және Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұлы Н.Бейсенәліұлы Келес кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыковқа , атқару комитетінің мүшелері М.Абдрахимов, Н.Мухтаров және төрешілік жүргізген 8 бас төрешілердің иықтарына шапан жапты.

Ерлер командасынан:

Басжүлде – №7 ЖББМ командасы;

І орын – №25 С.Сейфуллин атындағы ЖББМ командасы;

ІІ орын – №43 «Болашақ» ЖББМ командасы;

ІІІ орынды – №21 ЖББМ командасы иеленді.

Әйелдер командасынан:

Басжүлде – №2 Ө.Жәнібеков атындағы МГ командасы;

І орын – №25 С.Сейфуллин атындағы ЖББМ командасы;

ІІ орын – №23 «1 Мамыр» ЖББМ командасы;

ІІІ орынды – №37 Р.Қошқарбаев атындағы ЖББМ командасы иеленді.

Жарыс кезінде тиянақты шабуыл жасалып, сауатты қорғаныс көрсеткен ойыншылар әр ұпай үшін жанталасып, команданың жеңісі жолында аянып қалмаған мектеп аралық командалар ішінен ерекше ойындармен көзге түсіп, қызық ойын көрсеткен 30 жарыс қатысушыларына «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік шабуылшы» Номинациялық құрмет грамотасымен марапатталды. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, Кәсіподақ комитетінің ардагері Б.Қырғызалиевтің белсенді өмірлік ұстанымын, жолын жастарға үлгі етіп, атын жаңғыртып еске алу мақсатынды өткен 2 күндік Аудандық Кубок жарысы өз мәресіне жетті.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық турнир Аудандық турнир Аудандық турнир Аудандық турнир Аудандық турнир Аудандық турнир Аудандық турнир Аудандық турнир Аудандық турнир