Аудандық іс шара

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектеп” комммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған “ОЙ ДОДА” атты мұғалімдер бәйгесі өткізілді.

Байқауға мектеп ұстаздарынан құрылған 5 топ қатысып өнер көрсетті. Қатысушылар өз бойындағы ұстаздық ұлағаттарымен бірге командалық ынтымақтастықтарын көрсете білді.

Байқауға аудандық кәсіподақ ұйымы маманы С.Бейсенов және “Тұран” мектеп гимназиясы мұғалімі Т. Аралбаев қатысты. Мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Сәдібеков ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарып, іс-шараны өз деңгейінде өткізді. Байқау жеңімпаздары Алғыс хаттармен марапатталып, командаларға сыйлықтар табысталды.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.