Аудандық іс шара
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы – Түлкібас ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай аудандық бастауыш кәсіподақ комитеттерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары жүргізілген. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишевтің қатысуымен өткізілген іс шараларды қортындылау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен қосымша түсіндірме семинар жұмыстары төмендегі күнтізбе бойынша өткізілді.
15.04.2026ж Макаренко ат. ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 17.
16.04.2026ж Б.Момышұлы ат. ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 11.
17.04.2026ж М.Лермонтолв ат. ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 12.
20.04.2026ж Майлыкент ЖББ мектебінде өткізілді, қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалар саны – 11.
Аудан мектептерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары «Ұжымдық шарттың» талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары ҚРЕК-181, ҚРЕК-182 бабтарының 1-тармақтары бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрақты қадағалануда.
Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





