Аудандық іс шара

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты №10 «Асыл мұра» жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13-28 сәуір аралығында 28 сәуір -“Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні” мерекелік іс-шаралар түзіліп,13 сәуір күні ашылу салтанатын өткізді. 14 сәуір күні мектептің инспекторы Еркинов Нұрдаулет Мүслімұлы “Еңбекті қорғау талаптары және жауапкершілік” тақырыбында баяндама оқыды. Ондағы мақсат қызметкерлер мен оқушылар арасында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Базарбаева Ақмарал Зулпыхаровна алдағы уақытта осы мерекеге түзілген іс-шараға белсене қатысуларын тілге тиек етіп кетті. Қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру- мектеп ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі. Әрқайысымыз қауіпсіздік мәдениетін сақтасақ, жұмысымыз да нәтижелі әрі сапалы болады.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі