Аудандық іс шара

2026 жылғы 21-24 сәуір аралығында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды қадағалау бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Білім және ғылым қызметкерлері Сайрам аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында аудандық кәсіподақ комитетінің мамандарының қатысуымен мекемедегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне мекеме басшылары, кәсіподақ комитетінің төрағалары, техникалық инспекторларының қатысуымен қоғамдық бақылау, жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.

– ұжымдық шарт (келісім) міндеттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруы;

– ҚР Еңбек кодексінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарын және еңбекті қорғауға қатысты өзге де мемлекеттік актілерді түсіндіру жұмыстары;

– ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты таоаптарының орындалуы;

– еңбекті қорғау бойынша құжаттарды дұрыс жүргізілуі;

– қызметкерлердің еңбекті қорғау бойынша біліктіліктерін арттыру;

– Еңбек қорғау бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстары туралы;

Іс-шаралар барысында анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар кәсіподақ комитеті төрағалары және ұйым басшыларымен бірлесе отырып мекемелерде «Еңбекті қорғау сағаты», «Еңбекті қорғау күні», «Қауіпсіздік онкүндігі», «Еңбекті қорғау мәселесін түсіндіру күндері» өткізілді.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.