Аудандық іс- шара
Бәйдібек ауданы, “Мыңбұлақ жалпы білім беретін мектепте” «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында қадағалау іс-шарасы» өткізілді.
Іс-шараға мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, кәсіподақ комитетінің мүшелері, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі еңбек инспекторы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлер мен оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек және оқу ортасын қалыптастыру, сондай-ақ өндірістік және оқу үдерісі барысында туындауы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу.
Қадағалау барысында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:
- мектептің ішкі еңбек тәртібінің сақталуы;
- еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың орындалуы;
- оқу кабинеттерінің, зертханалардың және техникалық бөлмелердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
- қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өту жағдайы;
- еңбек қауіпсіздігіне қатысты құжаттамалардың жүргізілу сапасы;
- төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының ұйымдастырылу деңгейі.
Қоғамдық бақылау тобы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, еңбек қауіпсіздігіне қатысты барлық қажетті құжаттарды зерделеп, олардың талапқа сай жүргізілуіне талдау жасады. Сонымен қатар, білім беру мекемесіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейіне жан-жақты баға берілді.
Іс-шара барысында анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, оларды жою жолдары түсіндірілді. Қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру қажеттілігі атап өтілді.
Жалпы, жүргізілген қоғамдық бақылау іс-шарасы мектеп ұжымында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау деңгейін арттыруға және қызметкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге оң әсерін тигізеді.
Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.






