Аудандық іс шара

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрат Асылбекұлы Төлебаевтың ұйымдастыруымен 2026 жылдың 6 мамыр күні «7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай тағылымы мол дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ауданымыздың білім саласындағы қызметкерлер мен белсенді кәсіподақ мүшелері қатысып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы азаматтардың ерлігі мен еңбегі кеңінен дәріптелді.Кездесу барысында Отан алдындағы борыш, патриоттық тәрбие, жас ұрпаққа үлгі боларлық құндылықтар жөнінде мазмұнды пікірлер айтылып, ашық ой алмасу өтті. Бұл шара – елге қызмет етудің маңызын ұғындырып, бірлік пен ынтымақтастықты нығайта түскен, рухани мәні зор басқосу болды.Іс-шарада бірқатар ұстаздар «Өрлеу» салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырды.Сонымен қатар «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен,Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамотасымен және Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің марапаттарымен марапаттады.

Кәсіподақ белсенділері «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

Барша Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтай отырып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін атқарып жүрген еңбектеріне алғыс білдіреміз!

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *