Аудандық іс шара
Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты №46 “Абай” атындағы ЖББМ, №5 ЖББМ, №25 «С.Сейфуллин» атындағы ЖББМ, №32 ЖББМ, №36 «М.Мәметова» атындағы ЖББМ, №43 «Болашақ» ЖББМ, №52 «С.Бегалин» атындағы ЖББМ, кәсіподақ мүшелерімен кезекті туристік сапарға шығып, көтеріңкі көңіл күймен демалыс өткізді.
Саяхат барысында қатысушылар табиғат аясында тынығып, тарихи-мәдени орындарды аралап, әсерлі сәттерге куә болды. Мұндай игі шаралар кәсіподақ мүшелерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, әріптестер арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға, жаңа күш-жігермен еңбекке оралуына зор мүмкіндік береді.
Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қолдауын арттыру бағытындағы мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.













