Балалар жылы қорытындыланды!

​       Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» ғимаратының үлкен залында «2022 жыл – Балалар жылын» қорытындылауға мақсатында өткізілген «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс шарасына қатыстым.

​        Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, басқарма басшысы Д.Болатханұлы, басқа да ұйымдардың басшылары, облыстың барлық аймақтарынан келген оқушылар мен ұстаздар қатысты.

​         Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев халықаралық және республикалық байқауларда облысымыз мен еліміздің намысын қорғап, жүлдегер атанған оқушыларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар ұсынды. Сондай-ақ, үздіктер қатарынан көрінген Түркістан қаласының оқушылар сарайына, Қазығұрт, Жетісай аудандарының адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне микроавтобус сыйласа, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне 5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.

​         Өнер майталмандары мен өнерпаз оқушылар қонақтарға әннен шашу шашып, би билеп, көтеріңкі көңіл сыйлады. Әсіресе әншілер Ә.Қалаубаева, М.Бақытжанқызы, А.Тұрғанбек кезекпен ән шырқап, көпшілікті тәнті етті.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.