Жас буынның әскери дайындығы – ел ертеңінің кепілі
Төлеби ауданында орналасқан «Спутник» сауықтыру орталығында өткен оқу-дала жиынының ашылу рәсімі болып өтті.
Аталған жиын Түркістан облысының білім саласындағы жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, 10-сынып оқушылары бірнеше күн бойы әскери дайындық бағытында тәжірибелік білім алуда.
Іс-шараға өз тарапымыздан демеушілік қолдау көрсетіп, жас ұрпақтың мұндай маңызды бастамаларға белсенді қатысуына үлес қосуға тырыстық.
Жиынның негізгі мақсаты – оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде бекіту, оларды тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке баулу.
Ашылу барысында Мемлекеттік Әнұран орындалып, қатысушыларға сәттілік тілеп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.
Алдағы күндері оқушылар саптық және тактикалық дайындықтан өтіп, алғашқы медициналық көмек көрсету мен төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгереді.
Осындай шаралар жасөспірімдердің шыңдалып, елжанды азамат болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз.
Жастарымыздың жігері мықты, болашағы нұрлы болсын!
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





