ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
“Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ” КММ-де “Дүниежүзілік Еңбекті қорғау” күніне орай ерекше форматта «Жаңа дәуірдің жарық жұлдызы» атты мұғалімдер сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Аталған іс-шара бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ерназарова Рыскул Анасратдиновнаның ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Сайыстың басты мақсаты – ұстаздардың шығармашылық әлеуетін ашу, кәсіби шеберлігін шыңдау, жаңашыл идеяларын насихаттау және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды.
Сайысқа әр пәннің үздік мұғалімдері қатысып, өз білімдері мен біліктерін жан-жақты көрсетті:
С. Серикбаева (орыс тілі мен әдебиеті),
Ө. Айтбаев (көркем еңбек),
Л. Батанова (ағылшын тілі),
Г. Коскараева (қазақ тілі мен әдебиеті),
Ж. Турегельдиева (бастауыш сынып),
З. Валиева (тарих),
А. Джусипова (математика).
Білім мен білікті, шеберлік пен шабытты ұштастырған сайыста қатысушылар өздерін таныстырып, портфолиоларын қорғап, шеберлік сабақтарын өткізіп, түрлі педагогикалық жағдаяттарды шығармашылықпен шеше білді. Әр ұстаз жаңа дәуір мұғалімінің жарқын бейнесін танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
«Жаңа дәуірдің жарық жұлдызы» – Бас жүлде: З. Валиева
«Заманауи ұстаз» – І орын: Л. Батанова
«Жаңашыл зияткер мұғалім» – ІІ орын: Ж. Турегельдиева
«Жаңашыл көшбасшы» – ІІ орын: С. Серикбаева
III орын:
«Шәкірт жүрегінің тірегі» – Г. Коскараева “Цифрлы маман” – А. Джусипова
Номинация:
«Шығармашыл, ізденімпаз ұстаз» – Ө. Айтбаев.
Ұлағатты ұстаздарымызға демеуші болып, сыйлықтарымен қуантқан Жетісай аудандық кәсіподақ комитетіне алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Бірлік пен береке, білім мен ізденіс әрдайым қатар жүре берсін! Ұйымдастырушы ұстаздарымызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.






