ЖЕТІСАЙДА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Жетісай ауданында білім саласы қызметкерлерінің бір жылдық еңбегі қорытындыланып, үздік ұстаздар мен білім беру ұйымдары марапатталған салтанатты шара өтті. Қарақай ауылдық округіндегі Қ.Сәтпаев атындағы мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған жиынға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, Білім бөлімінің басшысы Толқын Айкенжиева және Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхамеджан Спарханов , мектеп директорлары, бастауыш кәсіподақ төрағалары мен ұстаздар қауымы қатысты.
Салтанатты жиында аудан мектептерінде еңбек етіп жүрген үздік педагогтердің жетістіктері ерекше аталып өтті. Оқушыларын республикалық және халықаралық білім бәйгелеріне дайындап, аудан мерейін асқақтатып жүрген ұстаздарға, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және сапалы білім беруге қосқан үлесі үшін бірқатар мектеп ұжымдарына құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды. Атап айтсаң рейтинг нәтижесі бойынша алғашқы ондықтағы мектептерге «Сарағаш» шипажайына 100 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар, келесі ондыққа Ыстықкөлге 100 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар, үзік деп танылған мектеп және директорларға 100 000 теңгеден, әдіскер және меңгерушілерге 50 000 теңгеден, пәні бойынша үздік атанған ұстазға 40 000 теңгеден қаржылай сый берілді.
Мерекелік шара барысында аудан өнерпаздары мен талантты оқушылар сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем ән шырқалып, ұлттық және заманауи билер орындалды. Салтанатты кештің сәнін арттырды.
Ұстаз еңбегін ұлықтаған тағылымды жиын білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттырып қана қоймай, олардың жаңа оқу жылындағы тың жетістіктерге деген жігерін шыңдай түсті.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.




