«Жыл үздіктері» марапатталды

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұсынысымен, аудандық кәсіподақ комитетінің
қолдауымен 30 желтоқсан күні “Ақ алтын” мәдениет үйінде білім беру саласында толағай табыстарға кенеліп, жоғарғы нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға құрмет көрсету, көтермелеу мақсатында ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН марапаттау рәсімі өткізілді.
Салтанатты шараға Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының мінедетін атқарушы А.Қошқаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары,
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, ұлағатты ұстаздар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жыл үздігі атанған ұстаздарымызға аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары және аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Барша жылдың үздігі атанған ұлағатты ұстаздарымызды аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





