КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Даулбаева Гүлмарал Әбжаппарқызы ұлағатты ұстаз. Бүгінде 35 жылдық еңбектің нәтижесі болған, өзінің білімдік деңгейін көрсете білген мұғалім.

Оқушылары ауданаралық, облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктерге жетіп, марапаттармен оралды. Ол өз маманының шебері, әрбір шәкірттерінің білім сапасын арттыруға, шығармашылыққа баулуға,жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды енгізуге, ерекше үлес қосқан педагог.

2023-2025 оқу жылы аралық жеткен жетістіктерге тоқталсақ төмендегіше: —Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Бабалар салған ізімен» Түркістан облысы іс-шарасын іске асыру мақсатында «Дала данышпандары» республикалық байқауының ғылыми жоба номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Алдаберген Назгүл II орын дипломмен марапатталды.

Республикалық қазақ тілі пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері 10 сынып оқушысы Қайрат Кәусар Талғатқызы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Атап айтсақ Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың республикалық олимпиадасының жүлдегері Қайрат Кәусар III дәрежелі дипломмен марапатталды. Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс оқулары» байқауының «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша III орын иегері Қайрат Кәусар марапатталды. —Республикалық қазақ тілі пән олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегері 11 сынып оқушысы Қайрат Кәусар Талғатқызы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Даулбаева Гульмарал еңбек жолын №376 бастауыш мектептен бастаған, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 2001 жылы аталған институттың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Бастауыш мектепте 20 жыл көлемінде директордың тәрбие ісінің орынбасары және оқу ісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарды.

И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. В.А.Сухомлинскийдің «Білікті ұстаз деп кімді айтамыз?» деген сұраққа «Нағыз ұстаз – шәкіртін өзінен айнымайтын етіп тәрбиелемейді, ол әр шәкірттің дара болмысын ашып, өзінен асып түсетін етіп тәрбиелейді», – деп жауап береді. Сол сынды өз шәкірттерін асқан шеберлікпен тәрбиелеп, балалықтан даналыққа жеткізуді мақсат тұтқан ұстаз. Осы аталған шәкірттерді дайындаған Даулбаева Гүлмарал Әбжаппарқызының еңбегі орасан зор деп білеміз. Сабақ барысында баланың болмысы мен оның тәрбиесіне тереңінен үңіліп, рухани азығын ұлғайтып, көкжиегін кеңейтіп, қабілетін шыңдай білгені үшін алғыс білдіреміз.

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.