КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

2025 жылғы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының иегері. Әрдайым ізденіспен алға бастап келесіз, Ұстаздарға бағыт беріп биік мақсат көресіз. Еңбегіңіз ел есінде із қалдырған асыл жан, Білім жолын нұрландырып шабыт беріп жүресіз.

Молжігіт Гүлжаухар Тұрсынқызы – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөлімінің әдіскері. 2005 жылдан бері Ордабасы ауданының білім бөлімінде бастауыш сынып әдіскері болып жұмыс істейді. 2016 жылы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен әдіскерлер арасында өткен «Үздік педагогикалық идеялар» фестивалінде 1 орын иеленді.

2018 жылы 24-25 қазанда өткен республикалық Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

2023 жылы «Бастауыш сыныптардағы сын жұмыстарды жүргізу әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік құралы облыс көлемінде таратылды.

2024 жылы «Оқу сауаттылығы» 4 сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы облыс көлемінде таратылды.

2025 жылдың 6 қараша күні Шымкент қаласында «Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа парадигмалары: бастауыш буынға жаңа қадам» тақырыбында өткен республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясында «Оқу сауаттылығы креативті ойлаудан функционалдық оқуға дейін» тақырыбында баяндама жасады.

2025 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Жұмыс жылдары ішінде аудан, облыс, республика деңгейінде тәжірибелік семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізген байқаулар мен олимпиадаларда мұғалімдер мен оқушылар облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындар иеленіп, жетістіктер көрсетті.

2024-2025 оқу жылы барысындағы бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктеріне тоқталатын болсақ:

Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Білім берудегі жаңа инновациялық тәсілдер: тәжірибе, ізденіс, қолдану” тақырыбында республика көлемінде тәжірибелік семинар өткізді.

Облыстық “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” олимпиадасында Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құлпиева Ұлдана Нұрлыбекқызы 1 орын иеленді.

Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқауында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Исмагулова Нургуль Жетписбаевна 1 орынды иеленді.

Түркістан облысы мұғалімдерінің арасында өтілген «ІҮ Ыбырай жазулары» байқауының облыстық кезеңінде Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлмира жүлдеді ІІ орынды иеленді.

Облыстық «Педагогикалық дуэт» байқауында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Шалхар Гаухар мен Ерманова Гүлрайхон жүлделі 3 орын иеленді.

Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында «Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қырықбаева Ұлжан Манатқызы 1 орын иеленіп, республикалық қорытынды кезеңде 3 орын иеленді.

3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасында облыстық кезеңге қатысқан 10 оқушының 3-еуі орын, 3-еуі 2 орын, 3-еуі 3 орын, 1 оқушы ынталындыру грамотасымен марапатталды. Республикалық кезеңде М.Исламқұлов ат.жббм 4 сынып оқушысы Тұрарбек Нұрдаулет 1 орын, Ш.Уәлиханов ат.ЖББМ 3 сынып оқушысы Асқар Айша 3 орын иеленді.

2-4 сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» ХҮІІІ математикалық турнирінің облыстық кезеңіне қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындар иеленді: 1 орынды – 2 оқушы, 2 орынды -2 оқушы, 3-орынды -2 оқушы иеленді. Республикалық кезеңде А.Иманов ат.жббм 4 сынып оқушысы Айтбек Балауса 3 орын иеленді.

Өмірдегі сенімді серігі,жолдасы әрі әріптесі Бекпейісов Бақытжанмен бірге отбасылық құндылықтарды берік ұстанып, Рамазан мен Бағлан атты қос ұлды тәрбиелеп, өнегелі ұрпақ өсіру жолында үздіксіз еңбек етіп келеді.

Еңбегімен ел құрметіне бөленген Гүлжаухар Тұрсынқызы – білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті де тәжірибелі әдіскер. Оның кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы мен жаңашылдығы – ұстаздар қауымына үлгі, ал жеткен жетістіктері – жүйелі еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қосып, талай биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.