КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» – Бауыржан Момышұлы! Ұстаз – ұлағатты есім. Ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың бойына адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін сіңіретін, өмірге бағыт-бағдар беретін, жүрек жылуымен айналасына шуақ шашатын ерекше тұлға. Ұстаз – әрдайым қолдау көрсетіп, шәкіртінің жетістігіне қуана білетін, болашағына сенім ұялататын жан. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам мен халықтың үмітін арқалаған сенімді өкіл. Ол өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.Осындай ардақты ұстаздардың бірі –Құлмаханбет Қарлығаш Мұратқызы. Ордабасы ауданы, Қызылжар елді мекеніндегі «Қызылжар» жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, 6 жылдан бері жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқан білікті маман.

Қарлығаш Мұратқызы 1999 жылы 15 қаңтарда Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетіне түсіп, 2020 жылы үздік дипломмен бітірген. Сол жылы еңбек жолын «Қызылжар» жалпы білім беретін мектебінде бастаған.Ол – өз ісіне адал, жаңашылдыққа жаны жақын, кәсіби шеберлігі жоғары ұстаз. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, оларды биік белестерге жетелеуде. Сонымен қатар, жас ұрпақты отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге, білімді әрі тәрбиелі болуға баулып келеді.

«Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» демекші,Қарлығаш Мұратқызының шәкірттері де түрлі білім бәйгелерінде топ жарып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Ұстаз еңбегі әрдайым бағаланып, аудандық, облыстық деңгейде алғыс хаттар мен марапатталған.

  1. Құрмет грамотасы. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының құрмет грамотасымен марапатталған. 2020 жыл.
  2. Мадақтама. Ордабасы ауданының білім бөлімінің «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Көркем шығармаларды оқу пәндеріне кіріктіріп оқыту тәжірибесі» тақырыбында аудандық тәжірибелік – әдістемелік семинарда озық педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекетін жаңаша әдіс- тәсілдерін көрсете білгені үшін аудандық мадақтамамен марапатталған.№2304(19/02)/2026 жыл.
  3. Мұғалімдер арасында өткен аудандық пән олимпиадасының аудандық кезеңінің ІІІ орын иегері. 2025 жыл.
  4. Республикалық «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ орын. 2024-2025 оқу жылы. № ZS24A3589-0579-6392
  5. Республикалық «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі ІІІ орын.
  6. 5-6 сыныптарға арналған Республикалық пән олипиадасының І орын иегері.2025-2026 ж.
  7. Аудандық «Фараби геометриялық олимпиадасы» Диплом IІІ дәрежелі. Алматы 2025 ж
  8. Республикалық «Ақбота» зияткерлік олипмиадасы (Жаратылыстану-математикалық бағыт) ІІІ орын Диплом.
  9. Түркістан облысының 2-11 сынып оқушылары арасында өткен «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасында оқушысы III орын алғаны үшін Дипломмен марапатталған.Түркістан, 2026 жыл.

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай: «Мұғалім – мектептің жүрегі». Осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаз әлі талай дарынды шәкірт тәрбиелеп, олардың биік шыңдарды бағындыруына жол ашары сөзсіз.Ұстаз болу – жүректің батылдығы, жанның тазалығы, рухтың биіктігі. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған Қарлығаш Мұратқызы– тек білікті ұстаз ғана емес, отбасылы, үш баланың ардақты анасы. Ол ұстаздық пен аналықты қатар алып жүріп, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде үлкен үлгі көрсетіп келеді. Осындай жан-жақты, жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген ұлағатты ұстаз.

Ұстаздық жолыңыз әрдайым табысты болып, шәкірттеріңіз білім мен тәрбиеде биіктерден көріне берсін. Еткен еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтап, алар асуларыңыз көбейе берсін. Сіздей жан-жақты, ізденімпаз, жүрегі кең ұстаздар – ел болашағының кепілі.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.