КӘСІПОДАҚ – ҰСТАЗДАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – «Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне арналған «Әйел – әлемнің нәзік жыры» тақырыбымен мәдени іс-шара өткізілді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысының міндет атқарушы Б.Полатова, аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы қоғамдық негізде төрағасы, С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры С.Айтынбетов, аудандық мәслихаттың депутаты, №57 жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Альтаев қатысып, барша нәзік жанды ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, аудан әкімі Б.Асановтың, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаевтың, аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен алғыс хаттарымен марапаттады.
8 наурыз – «Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне арналған шараның соңы қонцерттік бағдарламамен жалғасын тауып, қорытындыланды.
Мереке құтты болсын!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі






