Мақтанышқа толы тарихи сәт!

Түркістан қаласында өткен салтанатты іс-шарада Арыс қаласының М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Аубакирова Лаззат Турсынбековна Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өз қолынан “Ерен еңбегі үшін” медалін алды.
Бұл – жылдар бойы білім саласында аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиесіне бар жүрегін арнаған ұстаз еңбегінің биік бағасы. Лаззат Турсынбековнаның кәсібіне деген сүйіспеншілігі, жауапкершілігі мен табандылығы – әріптестеріне үлгі, жас мамандарға бағыт-бағдар.
Осындай жоғары деңгейде, ел Президентінің өз қолынан марапат алу – кез келген жанға бұйыра бермейтін зор мәртебе. Бұл тек жеке жетістік қана емес, тұтас ұжымның, мектептің абыройы мен беделінің артуы.
Құрметті Лаззат Турсынбековна!
Сізді осы айтулы марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз, алар асуларыңыз әлі алда болсын!
Шәкірттеріңіздің биіктен көрінуіне қосқан үлесіңіз еселене берсін! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.




