Облыстық мұғалімдер спартакиадасы – 2025

Бүгін 4 күнге созылған облыстық мұғалімдер спартакиадасы өз мәресіне жетті. Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын басты орынға қоюды мақсат еткен бұл шара дәстүрлі түрде әр жылы өз жалғасын тауып келеді.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Осы қағиданы басты ұстаным еткен ұстаздарымыз керемет тартысқа толы сайыс көрсете білді. Жарыстың соңғы күндері мұғалімдер ерлер арасындағы спорттың волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық түрлерінен сайысқа түсті. Аса тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша:
Ерлер арасындағы футзалдан:
ІІІ орын – Арыс және Кентау қалалары;
ІІ орын – Сайрам ауданы;
І орын – Түркістан қаласы иеленді.
Әйелдер арасындағы волейболдан:
ІІІ орын – Келес ауданы және Түркістан қаласы;
ІІ орын – Ордабасы ауданы;
І орын – Бәйдібек ауданы.
Ерлер арасындағы волейболдан:
ІІІ орын – Бәйдібек, Мақтаарал аудандары;
ІІ орын – Сайрам ауданы;
І орын – Жетісай ауданы.
Үстел теннисінен:
ІІІ орын – Мақтаарал, Келес аудандары;
ІІ орын – Отырар ауданы;
І орын – Сайрам ауданы.
Тоғызқұмалақтан:
ІІІ орын – Арыс қаласы, Бәйдібек ауданы;
ІІ орын – Сайрам ауданы;
І орын – Жетісай ауданы.
Асық атудан:
ІІІ орын – Төлеби, Қазығұрт аудандары;
ІІ орын – Ордабасы ауданы;
І орын – Бәйдібек ауданы.
Бес асық:
ІІІ орын – Келес, Қазығұрт аудандары;
ІІ орын – Арыс қаласы;
І орын – Түркістан қаласы.
Жалпы командалық есеп бойынша:
ІІІ орын – Түркістан қаласы;
ІІ орын – Жетісай ауданы;
І орын – Бәйдібек ауданы.
“Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы Б.Еркінбек спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап арнайы кубок, медальдар мен қаржылай сертификаттар табыстады.
Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.












