Облыстық спартакиада 2025

Облыстық спартакиада 2025

Түркістан төрінде болған 4 күнге созылған ұстаздар арасындағы *облыстық спартакиада* өз мәресіне жетті.

Төрт күнге созылған бұл тартысты дода – білім саласы қызметкерлерінің тек педагог емес, жан-жақты дамыған тұлға екенін дәлелдеген, көпшіліктің көңілінде жарқын із қалдырған шынайы мереке болды. Спорт алаңдарында тер төккен әрбір ұстаз – өз ұжымының мәртебесін, өз ауданының намысын абыроймен қорғады.

Осы үлкен бәсекеде *Келес ауданының командасы* да бар күш-жігерін салып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен келген командалар өздерінің шеберліктерін дәлелдеп, *әйелдер волейболынан*, *үстел теннисінен* және *бес асықтан* аймақтық деңгейде үздіктер қатарынан көрініп, *облыс бойынша жүлделі III орынды* иеленді.

Бұл – жеңістің жай сандық көрсеткіші ғана емес, бұл – тынымсыз дайындықтың, ұйымшылдықтың, сенім мен жігердің жеңісі. Әсіресе, ұлттық ойынымыз *бес асық* пен үстел теннисіндегі шапшаңдық пен дәлдік, волейбол алаңындағы шебер үйлесім – Келес құрамасының табандылығын көрсетіп, өзгелерге үлгі бола білді.

Спартакиада – мәресіне жетсе де, оның қалдырған рухани әсері, ұжымдық серпілісі мен бауырмал көңілі әлі де көптің жадында сақталады. Бұл – жеңістің емес, бірліктің мейрамы. Бұл – ұстаздардың жаңа қырынан танылып, спорттағы шеберлігін дәлелдеген сәті.

**Келес ауданының жеңісі – көптің қуанышы, ұжымның мақтанышы!

Жеңісті күндер жалғаса берсін, бірлік пен серпіліс әрдайым серік болсын!

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.