Облыстық әдіскерлер спартакиадасы

26-27 наурыз күндері Түркістан қаласында білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және достық пен ынтымақтастықты насихаттау мақсатында өткен облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.
Өткен жылы бастау алған бұл сайыс биыл да өз жалғасын тауып, әдіскерлер спорттың волейбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ түрлерінен бақтарын сынады. Екі күн бойы қызу тартысқа, бәсеке толы ойындармен қатар, ұжымдық бірлік мен жоғары командалық рухтың куәсі болдық.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Тоғызқұмалақтан
І орын – Созақ ауданы;
ІІ орын – Шардара ауданы;
ІІІ орын – Жетісай, Ордабасы аудандары.
Үстел теннисінен
І орын – Отырар ауданы;
ІІ орын – Түлкібас ауданы;
ІІІ орын – Ордабасы, Жетісай аудандары.
Волейболдан
І орын – Түлкібас ауданы;
ІІ орын – Жетісай ауданы;
ІІІ орын – Созақ, Ордабасы аудандары.
Ал, жалпы командалық есеп бойынша
І орынға – Түлкібас ауданы;
ІІ орынға – Жетісай ауданы;
ІІІ орынға – Созақ ауданының әдіскерлері ие болды.
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғ.Орынов және облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, барша білім қызметкерлерін спортпен тұрақты шұғылданып, рухани шыңдалуға шақырды. Спартакиада жеңімпаздарына арнайы дипломдар, медальдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.










