«Ой дода» интеллектуалдық сайысы

№76 жалпы білім беретін мектепте аудандық кәсіподақ ұйымы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бірлестіктер арасында «Ой дода» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Бұл сайыстың негізгі мақсаты – ұстаздардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Сайыс барысында қатысушылар өздерінің негізгі пәндерінен алыстап, әлемдік деңгейдегі логикалық сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін сынға салды.
Сайыс кезеңдері:
Логикалық сұрақтар: Ой ұшқырлығын тексеретін қызықты тапсырмалар;
Блиц-турнир: Жылдам әрі нақты жауап беруді талап ететін сұрақтар;
Жағдаяттық тапсырмалар: Берілген мәселелерді шешу арқылы көшбасшылық қабілеттерін көрсету;
Шығармашылық бөлім: Командалардың тапқырлығы мен ерекше ойлау қабілетін анықтау.
Қызықты әрі тартысты өткен интеллектуалдық сайыс барысында қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын, шешім қабылдау дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Олар күнделікті кәсіби бағыттарынан шығып, жаңа білім салаларында өздерін сынап көрді.
Мұндай сайыстар ұстаздардың жан-жақты дамуына, жаңа қырларын ашуына, сондай-ақ ұжым арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, ерекше әсерге бөленді.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.







