ПЕДАГОГ МІНБЕРІ

ПЕДАГОГ МІНБЕРІ

Білім мен тәрбие – ұлт болашағының темірқазығы

Арыс қаласы «№11 Арыс бөбекжай-бақшасы» МКҚК-да тәрбиеші болып еңбек ететін Ахметова Тамара Мейрбековна – өз ісіне адал, тәжірибелі, шығармашыл әрі ізденімпаз педагог.

33 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман бүгінгі таңда жас ұрпақтың тәрбиесі мен білімін қалыптастыру жолында аянбай қызмет етіп келеді. Балалардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіруде үлкен үлес қосып жүрген тәрбиеші әрдайым жаңашылдыққа ұмтылады.

Еңбек жолында көптеген жетістіктерге жетіп, түрлі деңгейдегі байқаулар мен жобалардың жеңімпазы атанды:

Қалалық, облыстық, республикалық марапаттардың иегері

«Үздік балабақша тәрбиешісі» төсбелгісі

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері

Патриоттық, шығармашылық, әдістемелік байқаулардың жүлдегері

Тамара Мейрбековнаның қажырлы еңбегі – әріптестеріне үлгі, жас мамандарға бағыт-бағдар.

  • Ұлағатты ұстазды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз!

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.