Республикалық ұлттық турнир
Келестік ұстаздарымыз 2026 жылғы 11 сәуірде Шымкент қаласында өткен республикалық ұлттық турнирде асық ату, бес асық және тоғызқұмалақ ойындары бойынша әртүрлі жас санаттарында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс барысында спортшылар ұлттық ойындардың қыр-сырын терең меңгергенін дәлелдеп, жоғары шеберлік, мергендік, логикалық ойлау қабілеті мен табандылық танытты.
Аталған турнир ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, олардың дамуына серпін беріп, қатысушылардың тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік жасады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып, Келестік ұстаздарымызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.






