Семинар

Шардара аудандық білім бөлімі және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10 Сәуір күні Б.Соқпакбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында Шардара аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Семинарды Шардара аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Ұлықбек Назарұлы жүргізіп отырды. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы , бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Шардара ауданының маслихат депутаты Раймуханов Болат және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты.
Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы тақырыпқа байланысты білім беру ұйымдарда Еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек даулары және олардың шешу жолдары, келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру жөнінде баяндама жасап, басқада сұрақтарға нақты жауап берді.
Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар табыс етілді.
Аудандық Балалар саз мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Облыстан келген кәсіподақ ұйымының басшылығына алғысын білдірді.
Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.
Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.









