Созақ ауданы

2019 жылдың 14 қыркүйек күні Шолаққорған ауылы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі базасында Созақ аудандық білім бөлімі мен  білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің  арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сай, «Жастар жылына» байланысты жас мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруіне, кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында жас педагогтар арасында «Үздік жас мұғалім 2019» аудандық байқауы өтті. Аудандық  байқауда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы мен білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Сүйгенбаев Бақытжан Серікұлы сөз сөйлеп, құттықтап қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 35 жасқа дейінгі педагогикалық өтілі 1-5 жыл аралығындағы  мұғалімдер  қатысты. Байқауға негізгі  пән мұғалімдері, атап айтқанда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, биология, химия, физика, информатика, тарих, география, бастауыш сынып мұғалімдері жалпы 87 мұғалім қатысты.

Байқау 2 турдан тұрды: 1 турда  критерийларға сай мұғалімнің портфолиосы сарапталып, 2 турда белгіленген регламентке сай әр жас маман өзін өзі таныстырып, панорамалық сабағын немесе педагогикалық шеберханасын көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 1-3 орындар белгіленіп, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің тарапынан арнайы жеңімпаздарға құнды сыйлықтармен марапатталды және үздік көрінген мұғалімдерге мадақтамалар берілді.

 

Созақ ауданы